ООО "Уфимский Завод Металлорукавов"
450015, Россия, г. Уфа, ул. К.Маркса 67
Таңдау бойынша ұсыныстар

Таңдау бойынша ұсыныстар

«УЗМ» өндірісінің РГМ  сериялы металиілгіш түтіктерін таңдауға ұсыныстар

РГМ металиілгіш түтіктерін таңдау кезінде бұйымды пайдалануға болжанатын шарттарды басшылыққа алу қажет. Бұл процесті жеңілдету үшін металиілгіш түтікті іріктеуді төрт кезеңге бөлуге болады: ішкі диаметрі, жұмыс қысымы, бұйымның ұзындығы, жалғау түрі.

РГМ металиілгіш түтіктерін таңбалаудың мысалы:

РГМ 50-40-1,0 с/а  

Таратып жазу:

РГМ — бұйым сериясы (қымтаулы металиілгіш түтік);

50 – иілгіш түтіктің номиналды ішкі диаметрі, мм;

40 - қалыпты пайдалану жағдайында кгс/см2 (атм) иілгіш түтіктің ең үлкен жұмыс қысымы;

1,0 — жиынтықтағы құбыртүтіктің номиналды ұзындығы, м;

с/а – Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес арнайы ұштық арматураның болуы. Ұштық арматураның толық сипаттамасы Тапсырыс берушінің паспортында көрсетілген. Иілгіш түтіктің с/а аббревиатурасыз таңбалануы – арматурасыз иілгіш түтік, дәнекерленетін. 

 

Металиілгіш түтіктің шартты ішкі диаметрі – құбыр жүйелерін сипаттау кезінде құбыр бөлшектерін монтаждау және бір-біріне қиыстырып келтіруді білдіретін белгі ретінде қолданылатын номиналды параметр. Жобалау кезінде шартты ішкі диаметрінің металиілгіш түтіктің  өткізу қабілетін қамтамасыз етуі назарға алынады. 

Металиілгіш түтіктің шартты ішкі диаметрін таңдау мынадай формула бойынша анықталады: 


мұндағы Dу – металиілгіш түтіктің шартты ішкі диаметрі, мм;

Q – иілгіш түтік арқылы өтетін заттың шығыны, л/мин;

V ср -  аққан заттың  орташа жылдамдығы, м/с.  

 Есептегенде сұйық айдау арқылы металиілгіш түтікті сынау кезінде  гофрдың ішкі бетінің пульсациялық жүктемеге және гофрлардың тербелісіне қаншалықты үзілмей төзе алатынын есте ұстау қажет. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, өту жылдамдығы сұйықтықтар үшін 8 м/с, газдар үшін 50 м/с асқанда металиілгіш түтікті қолдануға жол берілмейді.

Жұмыстық қысымы - бұл берілген пайдалану режимі қамтамасыз етілетін тасымалданатын зат қысымының ең үлкен мәні.  

Жұмыс жағдайына байланысты пайдалану кезінде Р ең үлкен жұмыс қысымы температуралық коэффициентке және динамикалық жүктемеге Ру шартты қысымының көбейтіндісі ретінде анықталады:

Р = Ру * Kd * Кt, мұндағы:  

Kd– 1-кестеде динамикалық жүктемелердің коэффициенті берілген;

Kt– 2 кестеде температура коэффициенті берілген.


 Динамикалық жүктемелер коэффициенті, Kd 

Ағынның жағдайы 
Діріл жоқ, әлсіз баяу қозғалыстар 
Діріл, жиі біркелкі қозғалыстар 
Күшті діріл, ырғақты лүпілді қозғалыстар 
Діріл жүктемелері 
Тұрақты немесе баяу біркелкі ағын 
1,00 0,90 0,50
Стационарлық емес лүпілді ағын 
0,90 0,75 0,40
Стационарлық емес лүпілді ағын 
0,40 0,30 0,20


 Кез келген температура кезінде жиынтықтағы иілгіш түтіктің ең үлкен жұмыс қысымы Р(жұмыс) тиісті Kt төмендету коэффициентіне көбейтілген 20°C кезінде иілгіш түтіктің кез келген бөлігі үшін рұқсат етілген қысым шамаларының ең төмені болуы тиіс. 





 Температура коэффициенті, Kt 

Температура, °C, дейін 

20

50

100

150

200

250

300

350

400

Температура коэффициенті, Kt 

1,00

0,92

0,83

0,75

0,68

0,59

0,59

0,56

0,54



Тапсырыс беруші иілгіш түтіктерді монтаждау  талаптарына сүйене отырып,  номиналды ұзындықты өзі анықтайды.

Нақты монтаждауына қарай РГМ металиілгіш түтігінің оңтайлы ұзындығын оны таңдау кезінде анықтау қажет, өйткені иілгіш түтікті тым қысқа немесе тым ұзын қолдану ұштық арматураның бітелген жерінде бұйымның зақымдалуына әкелуі мүмкін. Металиілгіш түтіктің ұзындығын таңдағанда ол жұмыс кезінде майысуға ұшыратпайтын арматураның жанындағы бейтарап учаскелерді қамтуы тиіс екенін ескеру қажет.   


Орын ауыстыру кезіндегі ең аз ұзындығын есептеу: 


Үлкен амплитудамен тігінен жылжыту (Т)

L=2H+T+3,14R+2La мұндағы: 

L – металиілгіш түтіктің ұзындығы

H - бейтарап учаскенің ұзындығы

T - қозғалу шамасы

R - иілу радиусы

La - арматураның ұзындығы 



Ду диаметрі, мм 
Бейтарап учаскенің ең аз ұзындығы 

6 - 16

5Ду

20 - 50

4Ду

65 - 100

3Ду

125 - 150

2,5Ду

200 - 250

2Ду



Үлкен амплитудамен көлденең жылжыту ( Т1)  

L=2H+1,57 Т1+3,14R+2La




Үлкен амплитудамен екі бағытта жылжыту (Т және Т1

L=2H+1,5T1+T/2+3,14R+2La




Тапсырыс берушінің талабы мен келісімі бойынша бірнеше құбыршектерді түйістіру арқылы ұзын өлшемді құбыршектер дайындауға болады.Түйістіруді дәнекерлегенде ол арматураға пісіріліп пайдаланылады. 

Ұштық арматура – жалғау үшін құбыр желісіндегі оған сәйкесті бөлікке кіргізетін иілгіш түтіктің ұшы.  

Тапсырыс беруші ұштық арматураның түрін металиілгіштен пайдалану нұсқаулығына қойылатын талаптарды негізге ала отырып таңдайды. Ұштық арматураның (КА)  ең көп таралғаны пісіріліп жалғанатын түрі.   Сондай-ақ жиі қолданылатын бұрандалы жалғанатын (қисық сомындар, штуцер және т.б.), фланецті жалғанатын, жылдам шешіліп жалғанатын және басқа түрлері бар.  «УЗМ» ұсынған ұштық арматураның барлық түрлерімен Ұштық арматура картасы бетінде танысуға болады.

Ұштық арматураның мұнан басқа оның бағасы мен металиілгіштің пайдалануына ықпал ететін  тағы бір параметрі бар.  Ол ұштық арматураның қандай материалдан жасалуына байланысты.  Тот баспайтын  болат пен көміртекті болат олардың ең көп таралған түріне жатады. 

Ұштық арматура иілгіш түтікке РГМ сериясы стандарттарына (ГОСТ, DIN, ANSI)  сәйкес немесе Тапсырыс берушінің сызбасы бойынша орындалуы мүмкін. «УЗМ» ЖШҚ-ның  меншігіндегі жону паркі техникалық құжаттаманың толық пакетін ұсынған              жағдайда кез келген күрделі  арматураны жасауға мүмкіндік береді.



Қараңыз: металиілгіш түтіктер (жоғары қысымды металиілгіш түтіктер), сильфонные компенсаторысильфондық компенсаторлар, ернеулік компенсаторлар