Монтаж және қауіпсіздік
Металиілгіш түтіктерді сауатты монтаждау оның сенімді және ұзақ пайдалануын қамтамасыз етеді, ал төменде көрсетілген ережелерді сақтамау оны орнату кезеңінде-ақ бұйымның істен шығуына әкеп соғуы мүмкін.
Иілгіш түтіктермен ыстық сұйық зат ағызған кезде оның иілгіш бөліктеріне денеңнің ашық жерлеріне тигізбе
Дірілі болмау үшін түтіктерді дәл орналастыр
Бұрыштық орын ауыстыру кезінде металиілгіш түтіктерді бұрама
Орамнан иілгіш түтіктерді бөліп алу кезінде, оны мұқият тарқату, тартпау
Иілгіш түтіктердің ұзындығын дұрыс таңдап ал, қысыммен жұмыс істегенде иілгіш ұзындығының ұлғаюы мүмкін екенін ескер
Перпендикулярлы дірілді болдырмау үшін 90° бұрмасы бар бірнеше иілгіш түтіктерді қолдан
Иілгіш түтіктерді дірілге тек перпендикуляр етіп орнат
Осьтің бұралуына жол берме
Иілгіш түтіктердің кей жерлерін пісіру кезінде дәнекерлеу тігісін салқындатуды ұмытпа
Монтаждау кезінде иілгіш түтіктерді қисайтпай, бір жазықтықта жылжыт
Иілгіш түтіктерді ауыстыру бағытына перпендикулярлы етіп орнат
Иілгіш түтіктерді іліп қойып монтаждағанда тірек роликтен пайдалан
Иілгіш түтіктер иілісінің ең кіші радиусын сақтау үшін астына сүйемел қоюды ұмытпа
Иілгіш түтіктерді артық майыстырмаңыз, есіңізде болсын, әрбір иілгіш түтіктің ең аз, шекті иілу радиусы болады, одан асырмау керек. Тіпті бір рет оқыс асыра иіп жіберудің өзі иілгіш түтікті істен шығарады
Есіңізде болсын, иілгіш түтіктің иілуі және қозғалу бағыты қисаймай, бір жазықтықта болуы тиіс
Иілгіш бөліктің зақымдауынан абай бол, қорғаныш төсеніш пайдалан
Үлкен осьтік тербелістердің тоқтауы үшін тармақтарды пайдалан
Монтаждау кезінде екі кілтті қолдан
Бүйірлік қатты ығысуға жол берме
Иілгіш түтікті бұрауға болмайды