Қымтаулылықты және беріктікті сынау
«Уфимский Завод Металлорукавов» ЖШҚ келісім-шарт негізінде иілгіш түтіктердің барлық түрлеріне қымтаулылық және беріктік үшін сынақ жүргізуге мүмкіндігі бар. Иілгіш түтіктерді қымтаулылыққа сынау, суда ауамен жүргізіледі, негізгі параметрлері:
- Сыналатын қысым 0,4 - 25 атм;
- Иілгіш түтіктің диаметрі 6мм – 350мм;
- Иілгіш түтіктің максималды ұзындығы – 25 метр.
Иілгіш түтіктерді беріктікке сынау гидравликалық әдіспен жүргізіледі, негізгі параметрлері:
- Сыналатын қысым 3 – 1000 атм;
- Иілгіш түтіктің диаметрі 6 мм – 350 мм;
- Иілгіш түтіктің максималды ұзындығы – 25 метр.
Сынақ жүргізілгеннен кейін иілгіш түтіктер тазартылады, майсыздандырылады және кептіріледі.
Иілгіш түтіктерді сынау оны пайдалану кезінде қауіпсіздендіретін сертификатталған импорттық жабдықты қолдана отырып жүргізіледі. Жүргізілген сынақтар нәтижелерінің негізінде акт пен сертификат беріледі. Тапсырыс берушінің келісімі бойынша фото және бейнематериалдар ұсынылуы мүмкін.